Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы  Шымкент қаласы орталық мешіт жанындағы Әйел қыздарға арналған діни білімін арттыру һәм қайта даярлау курсын тәмамдады. ҚМДБ оқу-ағарту бағытына сәйкес, тұңғыш ұйымдастырылған курсты Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов ашып,  әйел ұстаздың асыл дініміздегі алар орны мен ерекшеліктеріне тоқталып, арнайы дәріс оқып, қатысушыларға сертификат табыс етті. Дәрісті әйгілі Әл-Азһар университетінің түлегі Нұрсұлтан Мамедалиев, Дәулет Туленов, Қазыбек Сарыбаев, Мұхамеджан Естеміров, Исламқұл Иманқұлұлы,  Балжан Досжанова сынды білікті ұстаздар дәріс оқыды. Еске салсақ, курс бағдарламасы 12 күнге  арналған. Курс барысында   ҚМДБ қабылданған Концептуалды құжаттарға сәйкес Құран шариғат және пәтуа, ақида, фиқһ, және дін мен дәстүр, халал өнімдері пәндерінен дәріс оқылды.  Кезекті оқу курсын 24 ұстаз тәмамдады. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38