Бүгін  ҚМДБ қабылданған Концептуалды құжаттарға сәйкес Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы  Шымкент қаласы орталық мешіт жанындағы Имамдардың діни білімін арттыру һәм қайта даярлау кезекті 3 курсын тәмамдады. Кезекті қыркүйек айындағы курсын бітірген имамдарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, дінтанушы Азамат Әбікерімұлы арнайы қатысып,  діни білім мен біліктілікті көтеру заман талабы екендігін айтып,  қатысушыларға сертификат табыс етті. Дәрісті әйгілі Әл-Азһар университетінің түлегі Нұрсұлтан қари  Мамедалиев,  дінтанушы-ұстаз Дәулет Туленов сынды білікті ұстаздар дәріс оқыды. Еске салсақ, курс бағдарламасы 12 күнге  арналған. Курс барысында   ҚМДБ қабылданған Концептуалды құжаттары негізінде Құран, ақида, фиқһ және халал өнімдері пәндері тереңдетіп оқытылады. Кезекті оқу курсын 19 имам, молда тәмамдады. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38