Бүгін ҚМДБ-ның «Шымкент» медресе-колледжінде «Дін мен дәстүр сабақтастығы» атты рухани семинар ұйымдастырылды. Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы мен «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай мырзаның бастамасына орай, шәкірттерге дін мен дәстүр тағылымын терең оқыту жобасы қолға алынған болатын. Осы бағыт бойынша ұйымдастырылған «Дін мен дәстүр сабақтастығы» атты рухани семинар жұмысына  Шымкент қаласы   «Бибісара ана» мешітінің бас имамы Самат Анарбаев арнайы қатысып, дәріс оқыды. ҚМДБ тарапынан жарық көрген «Дін мен дәстүр» І-ІІ том кітабы терең түрде түсіндіріліп, тағылымды дәрістер өткізілетін болып шешілді. Жалпы, өте әсерлі һәм қызықты өткен басқосуда шәкірттердің сұрақтарына жан-жақты жауап берілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38