Шымкент қаласы өкілдігі, Еңбекші ауданы, «Ислам Нұры» мешітінің ұйымдастыруымен аудан аралық ақсақалдар арасында бата беру байқауы болып өтті. Бата беру байқауына Еңбекші ауданына қарасты мешіттерінен 24 үміткер ақсақал қариялар қатысты. Жиынға арнайы қалалық орталық мешітінің найб имамы М. Естемиров, қалалық орталық мешіттің әдеп кеңесінің төрағасы, М. Садық М.Юсуф мешітінің бас имамы Б. Әміре, Әл-Фараби аудандық » А.Қаттани» мешітінің бас имамы А.Керімбеков, Бибісара ана мешітінің бас имамы С,Анарбаев, Еңбекші аудандық «Әл- Біләл» мешітінің бас имамы Б.Қалдаров қатысты. Әуелі Хақтың сөзі Құран оқумен басталды Құранды Ы. Омаров имам оқыды. Бірінші сөз алған найб имам М.Естемиров Қала бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының құтықтау сөзін жеткізді.
1-орын Имам Ағзам мешітінің қариясы Ш.Торбай 70 000тн.
2-орын Әл Біләл мешітінің ақсақалы О.Налтаев 50 000 тн.
3-орын Ислам жолы мешітінің ақсақалы Ә. Розметов 30 000 тн иеленді. Қалған бата сайысына қатысқан 21 қарияға әрқайсына 5000 тн қаржылай сыйлық берілді. Бата сайысының өтіуіне демеушілік жасаған Ж. Жандосұлына Бас имам Бақдәулет қажы Нұрматұлының алғыс хаты табысталды. Арнайы дастархан жайылып ас беріліп, құран оқылып Жандос Тұрмаханұлының рухына бағышталды. Батагөй ақсақал қарияларымыз риза болып тарқасты.

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38