ҚМДБ бекіткен жұмыстардың негізгі бағыттарының бірі – қайырымдылық жасау. ОҚО өкілдігінің басшылығымен, облыстық Зекет қорының ұйытқы болуымен бірқатар қайырымдылық шаралары атқарылуда . Облыстық қордың ұймдастыруымен ел азаматтарының беріп жатқан зекеті есебінен бір азаматшаға 30 мың, біріне 18 мың жəне бір азаматқа 10 мың теңге емделуі үшін дәрі- дəрмекке қажетті қаржылай көмек көрсетілді.
Көмекті Зекет қорының өкілі Назаров Ғалымжан Мамырбекұлы үлестірді. Сондай-ақ, Сайрам аудандық мешіт жанындағы зекет бөлімі он бес отбасыға азық-түліктей көмек көрсетті. Алла барлық азаматтардың зекеттерін қабыл етсін, кәсіптеріне берекесін берсін. Зекет беру – парыз болса, садақа беру де, жақсылық жасау да сауабы сарқылмайтын амал. Ендеше, қайырымдылық шараларынан шет қалмай, қасиетті іске үлес қосуды ұмытпайық, ағайын. Зекет беріп, еселеп берекеге кенеліңіздер!
Облыстық зекет қорының өкіл орынбасары: Еркін Полатов