Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты мешіттерде Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлын еске алу шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, Азамат Әбдікерімұлы,  Қазыбек Сарыбаевтар басаған мешіт қауымы мен қаламыздағы барлық мешіттерде бесін намазы алдында қасиетті Құран тіләует етіп, дұға жасалды.

Айта кетсек,  Алаш ардақтысы, ұстаз Ахмет Байтұрсынұлына – 150 жыл. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетіне аянбай адал қызмет еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі, тарихта орны айрықша зор тұлға. Ол 1905 жылы педагогикалық училищені бітірген соң, еліміздің әртүрлі облыстарынан мектептер ашып, ұстаздық қызмет етті, жатпай-тұрмай еңбек етіп, қайткенде қазақ халқының көзін ашуға, санасын оятуға барын салды. Қазақ халқының алдыңғы елдердің қатарында болуы үшін ең алдымен оқу-ағарту ісін аяғына қою керек екендігін түсінген А.Байтұрсынұлының оқу-ағарту идеясы, оның қоғамдық қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі болып табылды. Бір сөзбен айтқанда, ол өзінің барлық саналы ғұмырын қазақ қоғамында білім мен ғылымның дамуына, ағартушылық ісіне арнады.

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38