Бүгін  ҚМДБ-ға қарасты «Шымкент медресе» колледжінде 2022-2023 оқу жылының салтанатты ашылу шарасы ұйымдастылды. Игі шараға «Шымкент медресе» колледжінің директоры Т.Әсембай,  А.Сырманов, Ө.Сәрсекеев т.б. ұстаздар қатысып, шәкірттерге сәттілік тіледі. Арнайы шара барысында «Шымкент медресе» колледжінің директоры Талғат Шәйділләұлы  ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы тағанұлының құттықтау сәлемін жеткізіп,  елге қызмет ету, сабырлы, шыдамды болу,  білім алудың артықшылықтары туралы баян етті. Мұнымен қатар, жаңадан қабылданған бірінші курс шәкірттеріне студенттік билет табыс етілді. Шәкірттер оқуда озат болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38