Бүгін ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр»  бағыты бойынша Шымкент қаласы, Қаратау ауданы «Жанқожа» мешітінде «Бата беру әдебі» атты  ақсақалдар арасында бата беру сайысы ұйымдастырылды.

Игі шараға  әділқазылар алқасында Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров,  Қаратау аудандық мешіттің найб имамы Нұрмахан қажы,  «А.Қаттани» мешітінің найб имамы Асылбек Абдіқалықов болып төрелік етті.

Әуелі қасиетті Құран оқумен тасталды.  Осыдан кейін, Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, жарыс тәртібімен маңызы түсіндіріп берді.

Сайысқа 15 ақсақал қатысты. Сайысты «Жанқожа» мешітінің бас имамы Асқарғали Сатыбалдиев жүргізіп отырды. Жалпы барлық қатысушыларға қаржылай т.б. сый-сипаттар табыс етілді.

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38