ҚМДБ Шымкент қаласы, Қаратау аудандық Байғұт баба орталық мешітінің ұйымдастыруымен ИМАНИ ЖАЗ 2022 атты Құран жарысы өтті. Аталмыш жарыста Қаратау ауданының бас имамы Желеуов Дастан шәкірттерге ақ батасын беріп, әділ төрелігін жасап, жылы лебізін білдірді. Жас жеткіншектерге мақтау қағаздары мен сыйлықтар беріліп, ынталандыру мақсатында Құран кітап таратылды, оған қоса қызықты ойындар ойнатылып тәттілер ұсынылды. Жұмсалған қаражат толықтай жамағаттың демеушілігінен болды !

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38