2017 жылдың 29 наурыз айында «Шолаққорған» орталық мешітінде «Наурыз» мерекесі аталып өтілді. Мерекеге қонақтар: Арыс қаласының Бас имамы А. Абдулкарим мен Ордабасы ауданының найб имамы Нұржан және басқа аудан мешіттерінің имамдары, мешіт жамағаттары, ауыл әкімдігі, ішкі саясат, жастар орталығы қызметкерлері қатысты. Арыс қаласының бас имамы А. Абдулкарим наурыз мерекесін атап өтудің маңыздылығын келген жамағатқа түсіндіріп берді. Құран Кәрім аяттары бағышталып, соңынан мешіт ауласында ұлттық спорттық шаралар өткізілді, әсіресе арқан тарту өте қызықты өтті.