Әлеуметтік желілерде тарап жатқан «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Оңтүстік Кореяда мешіт құрылысын жүргізу үшін Түркістан облысы және Шымкент қаласынан 20 мен 40 жас аралығындағы 70 ер азаматты жұмысқа қабылдап жатыр» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шетелде мешіт салумен айналыспайтынын қаперлеріңізге саламыз. Жалған ақпаратқа алданып қалмауларыңызды ескертеміз!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі