Шымкент қаласы Қаратау ауданы Galym Abdusattar Smanov мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесінің құрметіне концерттік бағдарлама өтті. Бағдарлама балаларға басымырақ арналды. Шәкірттердің орындауында өнеге аларлық спектакль қойылды, иләһи әндер айтылды және өлең жолдары оқылды. Домбырамен күй шертіп, құттықтаулар айтылды. Ұстаздар және жәрдемшілерінің орындауында Құрбан айт мейрамының мән мағынасын түсіндіріп қуыршақ театры қойылымы көрсетілді.
Соңында арнайы Құрбан айтты танытар айттық тәттілер таратылды.

Шымкент қаласы орталық мешітінің бапасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38