Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сайрам жами мешітінде “Әйел-қыздар” секторының ұйымдастыруымен өтіп жатқан жазғы діни сауат ашу курсының бірінші маусымы тамамдалды. Мешітке келген 200 қызбалалары мен апаларының арасынан 60-ы Құран Кәрімді ережеге сай арап тілінде оқу дәрежесіне жетті. Міне осы шәкірттерді бүгінгі күнде мақтау қағазымен марапаттап , бастарына тәждері кигізілді. Шәкірттер және ата-аналар алғыстарын айтып,  жылы лебіздерін білдірді. Әсіресе осы мешіттің ұстазы Каримжанова Зейнеп ұстазға ерекше разылықтары мен өлең жолдарымен арнау айтты. 
Дін Исламның көркемдігін көрсете білетін ұстаздар мол болсын!
Зейнеп ұстаз және көмекшілеріне Алла разы болсын!
 
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі
 
 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38