Шымкент қаласы,  Абай ауданы, Ынтымақ елді мекені Гауһар ана мешітінде 3 шілде күні қыздар арасында Құран жарысы өтті. Жарыста Орталық мешітінен Гүлсара ұстаз, Асел ұстаз әділқазы болды. Құран жарысына 15 шақты шәкірт қатысты. Бас жүлдеге Жидебай Аяна велосипед, 
1 орын Ахметова Феруза- 15 мың теңге , 
2 орын Абильдаева Динара-10мың теңге, 
3 орын Ілияс Ұлжалғас-7 мың тг  иеленді.
Сонымен қатар барлық қатысқан шәкірттерге ынталандыру сыйлықтары берілді
Құран жарысына демеуші болған Гүлмира әпкемізге Алла разы болсын, Алла тағалам отбасына береке, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!
Жарысқа қатысқан барша Шәкірттерге Алла разы болсын!  Алла екі дүниеде де дәрежелерін көтеріп қойсын!
 
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38