Шымкент қаласы Абай ауданы «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің жанында орналасқан «Эмен қажы» атындағы діни сауат ашу курсында жазғы лагерьде бір ай имандылық дәрістерімен сусындап, құран сауаттарын ашқан 150 ден аса ер және қызбала Шымкент қаласы орталық «AQ MESHIT» мешітінің Бас имамының бірінші орынбасары Ақтамберді Мұсабек қажы имам және «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің бас имамы Әміре Бекайдар қажы имамның қолынан куәлік алды. Сонымен қатар үздік оқыған және көркем мінезімен көзге түскен шәкірттерге алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Қос имам балалардың болашағы үшін хайыр дұға жасап, еліміздің ертеңі болатын иманды жастарымыз көбейе бергей деген ізгі тілек тіледі.

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38