ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына сәйкес, биылғы жылы Мекке-Мадина шаһарларына алғашқы рейс «Шымкент» әуежайы арқылы ұйымдастырылды. Дәстүрге сәйкес, салтанатты жиын қасиетті Құран оқумен басталды. Әуелі Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, қалалық «Tawaf Travel» қажылық компаниясының өкілі Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімінің өкілі Мұхамеджан Естеміров, бас имам кеңесшісі Бекайдар қажы Әміре сөз алып, қажылыққа ниет еткен азаматтарға уағыз айтып, қажылықтың ережелері мен тәртіптері түсіндіріліп, ақ жол тіледі. Айта кетсек, қажылық дәрістері Шымкент орталық мешіті, «А.Қаттани», «Байғұт баба», «Әл Біләл» мешіттерін таңдалып алынып, ұйымдастырылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі