Бүгін Шымкент қаласы, Абай ауданы «Мастура қажы» мешітінде ҚМДБ Найб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы жамағатпен кездесіп, ақшам уағызын жүргізді.

Ұстаз Сансызбай қажы Құрбанұлы  «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» тақырыбында уағыз айтып, елді бірлікке, ынтымаққа шақырды. Сондай-ақ, биылғы жылы ҚМДБ тарапынан  «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» деп жария етілгендігін айрықша атап өтті.

Рухани кездесу барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы ұстаз Сансызбай қажы Құрбанұлына жамағат атынан алғысын білдірді. 

Ақшам мен құптан намазын жамағатпен оқып,  бірге ел тыныштығы мен бірлігі үшін бата жасады. 

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

 

от Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Добавить комментарий