Бүгін, Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен Шымкент қаласы Дін істер басқармасының ұйытқы болуымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері» атты діни қызметкерлердің кәсіби қайта даярлау және  біліктілігін арттыру семинары ұйымдастырылды.

Игі шараны Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов ашып, жүрізіп, арнайы хабарлама жасады.  Осыдан кейін,  дінтанушы-магистр  Мұхамеджан Естеміров, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, Шымкент қаласы дін істер басқармасының бөлім басшысы Бақыт Әлиакбарұлы,  Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Бесбаев Мәди Әбзелбекұлы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті “Рухани жаңғыру және тәрбие бөлімінің басшысы, т.ғ.к  Анарбаев Қайрат Сапарханұлы,  Шымкент қаласы «Байғұт баба» мешітінің бас имамы, ҚМДБ-ның  РАНТ мүшесі Дастан Сүлейұлы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Заң факультеті Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі.  PhD (халықаралық құқық). Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Бекбосынов Ермек Төленұлы және Шымкент орталық мешітінің ұстазы, ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі Нұрсұлтан Мамедалиевтер арнайы баяндама оқыды.

Айта кетсек, аталмыш семинарға Шымкент қаласына қарасты барлық мешіт дін қызметкерлері мен «Әйел-қыздар» секторының ұстаздары қатысты.

Сондай-ақ, семинарға қатысушылар мол ақпараттарға қатығып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды. Және барлық қатысушыларға сертификат табысталды.

 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

от Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Добавить комментарий