Бүгін, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына сәйкес, Шымкент қалалық өкілдігінің ұйытқы болуымен Қажылық дәрістері ұйымдастырылды. Аталмыш жобаға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов оң бағасын беріп, тікелей қолдауымен жүзеге асырылды. Қажылық дәріс беруге қалалық «Тауаф» қажылық компаниясының өкілі Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Дархан дала» отандық туризм бөлімінің өкілі Мұхамеджан Естеміров, ЖАНТ мүшесі Ақтөре Тұрапбай т.б. мешіт имамдары жүргізіп келеді. Қажылық дәрістері төрт орындар жүргізілуде. Атап айтқан, Шымкент орталық мешіті, «А.Қаттани», «Байғұт баба», «Әл Біләл» мешіттерін таңдалып алынды. Дәріске қажылыққа ниет еткн азаматтар мен бірген болашақта баруды ниет еткен жамағаттардың қатысуына болады. Айта кетсек, дәріс барысында жамағатқа түсінікті болуымен үшін Қағба мекеттер және ихрам киімін байлау т.б. көрнекілік құралдары пайдаланды. Жалпы, қажылық дәрістері қала бойынша мешіттерде өткізіледі.  

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38