Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Tawaf Travel» қажылық компаниясы мен «Darhan Dala Travel» отандық туризмнің өкілдерінің Шымкент қаласында кеңейтілген семинары ұйымдастырылды.

Кеңейтілген семинар жұмысына ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов, «Tawaf Travel» қажылық компаниясы мен «Darhan Dala Travel» отандық туризмнің бөлімінің директоры Бектемір Искаков, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов және республика бойынша әр өңірдің өкілдері қатысты.

Әуелі жиын қасиетті Құран оқумен басталды. Осындан кейін, ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов арнайы баяндама жасап, қажылыққа қатысты түйткілді мәселелерді түсіндіріп, өңірдегі жетекшілерге нақты тапсырмалар берді.

«Қажылық пен ұмра –  имандылыққа, ізгідікке, көркем мінез бен мейірімдікке пен қайырымдылыққа үндейді. Жалпы қоғамға рухани пайдасы ұшан теңіз деп айтуға болады. Ал енді, «Tawaf Travel» қажылық компаниясы елімізде қажылық мәдениетін қалыптастыру, қажылық пен ұмраның ең әуелі құлшылық екенін, оның үкімдері мен талаптарын дұрыс орындалуы үшін ұлы сапарға білікті имам, ұстаздарды жетекші ретінде жіберіп, дұрыс құлшылық үлгісін насихаттау мақсатында жұмыс жасап жатқан ҚМДБ қажылық компаниясы. Сондай-ақ, әлемдік озық тәжірибеге сәйкес, қажылыққа дейін  сапалы құлшылық жасау үшін әрбір өңірде қажылық оқыту орталықтарын ашып, арнайы курстар ұйымдастыру қажет», – деді Жәнділлә Бекжігітов.

Осыдан кейін, «Tawaf Travel» қажылық компаниясы мен «Darhan Dala Travel» отандық туризмнің бөлімінің директоры Бектемір Искаковтың арнайы дәріс оқыды. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында Travel» отандық туристік фирмасын іске қосты. Негізгі мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, жұртшылыққа шариғат әдебін сақтауды үйрету болып саналады. Сондай-ақ, «Darhan Dala Travel» отандық туристік фирмасы бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, шетелдегі және еліміздегі киелі орындарға зиярат, денсаулық, экотуризм бағыты бойынша арнайы сапар ұйымдастырады», – деді Бектемір Искаков.

Айта кетсек, басқосу аясында «Tawaf Travel» қажылық компаниясы мен «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімінің әр өңіріндегі жауапты өкілдеріне арнайы куәлік табыс етті.

Жиын барысында шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы игі шараның жоғары деңгейде өтуіне мұрынды болған және ұлы сапар алдында жауапты өкілдерінің басқосу жиынын Шымкент қаласында  ұйымдастырған ҚМДБ қызметкерлеріне алғыс айтып, ризалық білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38