Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Исамиддин баба мешіті жанынан ашылған @sakina_club қыз-келіншектер клубының тұсаукесер кеші өтті.

Шымкент қаласы, Canvas қонақүйі конференция залында 70-ке жуық қыз-келіншектерге @sakina_club клубының ашылу рәсімі өтті.
Кеш барысында әйел-қыздар секторы Балжан Досжанова “Рухани кемелдікке жету” және исламтанушы Айнұр Шәймерденқызы “Әйелдің отбасындағы мәмілесі” тақырыптарымен насихат жүргізді.
Сондай-ақ қаламыздың белгілі дизайнер, іскер әйелдерін таныстыру мақсатында “Іскер әйел-ісмер әйел” презентациясы қорғалып, келген қонақтарға алғыс хаттар табысталды.

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38