1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Абдулхамит Қаттани мешітінің Зекет қорының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы 11-Ықшам ауданында орналасқан мүмкіндігі шектеулі балалар үйінде іс-шара өткізілді. Мешіт тарапынан аниматорлар апарып, ойындар ойнатылып, өлең айтып, би билеу арқылы балалардың белсенділіктерін арттырып қайтты. Іс-шара соңында баларға сыйлықтар таратылды.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі