Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сайрам жами мешітінің Әйел-қыздар жамағаты қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеде мешіт шәкірттерінің қолынан тігілген, тоқылған киімдер, моншақтан тоқылған бұйымдар  қолдан пісілген адал тағамдар сатылды. Мұндай іс-шара шәкірттерді еңбекқорлыққа, адал кәсіпке, жанашырлыққа, уақытты дұрыс пайдалануға, бауырмашылыққа және ауызбіршілікке үйретері анық. Мешітіміздің шәкірттері тек уақыттарын дұрыс қолданып қоймай қайырымдылық та жасады. Жәрмеңкеден түскен қаражатқа Сайрам жами мешітінің жанындағы медресеге 20 парта, 40 орындық сыйлады. Халқымыздың жанашыр аналары көп болсын деген тілекпен Сайрам жами мешітінің жаманатына алғысымызды білдіреміз. Алла сізерге разы болсын!

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38