Шардара қаласы №16 колледж студенттері және №1 М. Әуезов жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен ҚМДБ – ның жанынан құрылған РАНТ мүшесі, белгілі ғалым Тараз қалалық «Кеңесхан» қажы мешітінің бас имамы Қ. Жұмағұл, Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров, аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы, дін танушы Н. Үсіпбек қатысты. Сөз кезегінде Қ. Жұмағұл қазіргі таңда жастарымыздың көбісі дінге бет бұрып жатыр. Бәрін жақсы деуге де болады, десек те басқа да жат діни ағымдарға бет бұрған жастар да кездеседі. Сол жат ағымға еру себептерінің бірі – ақпараттық кеңістіктегі діни бағытта жұмыс істейтін алуан түрлі тематикалық сайттар да бар. Бәрі де сол дәстүрлі бағытты үгіттегенімен арасында адастыратын сайттар да кездесіп жатады. Жастар, әсіресе осы діни тақырыптарға байланысты сұрақтар туындағанда қай сайттың ақ екенін немесе қара екенін ажырата бермейді. Осындай ара жікті ажырата алмау себептердің салдарынан дәстүрлі дінімізге көзқарастары өзгеріп түрлі жағдайларға барып жатады. «Дін ұстана білсең қасиетің, ұстана білмесең қасіретің», – деген дана қазақ. Иә, бүгінде жат ағымның арбауына арбалып, өзгенің таңсығын Алланың бұйрығы деп қабылдап жүрген жастарымыз жетерлік. Наурыз айының он алтысы күні қаламыздағы «Әбу Мансур әл – Матуриди» мешітінде ақшам мен құфтан намазы аралығында жамағатқа «Жамағат берекеті – ынтымақта», – тақырыбында уағыз айтты. «Шардара» орталық мешітінде қасиетті жұма намазында жиналған жамағатқа ҚМДБ – ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Келісім қайда келешек сонда», – атты тақырыбында уағыз – насихат айтып, жұма намазынан кейін жастарға «Діни ағымдардың жастар қауымына әсері мен зардаптары», – тақырыбында уағыз айтты. Бүгін де, асыл дінімізбен мүлдем жанаспайтын жат ағымдар жетегінде кеткен қаншама қандастарымыз өз жақындарынан, достарынан теріс айналып жатқаны баршаға мәлім. Мұндай түрлі жат ағымдардың жетегіне ерген жас азаматтарымыз балаларына тиісті медициналық екпе ектіруден бас тартып, мектептегі сабақтарын тастап, мектеп жасындағы ұл – қыздардың музыка тыңдауына – қарсылық білдіріп, мемлекеттік әнұранды тыңдауды және туға құрмет көрсетуді харам дейтіндер де бар. Осындай бір ағымдардың теріс пиғылды уағыздарының салдарынан еліміздегі кейбір ұл – қыздарымыз отбасы мүшелерінен, үй – меншіктерінен айырылып, түрлі психикалық ауруларға шалдығып, өз – өзіне қол салып, әр түрлі жағымсыз жағдайларға тап болып жатқандарын да жоққа шығаруға болмайды деп қорытындылады. ОҚО, Сайрам ауданының бас имамы, ЖАНТ мүшесі Панов Исмайл, Шардара қаласы «Аль – Фаттаһ» мешітінің бас имамы С. Шинибеков М. Горький, Қ. Аманжолов жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Тәкфир идеологиясы қоғамға төнген қауіп», – тақырыбында кездесуге қатысып, қасиетті жұма намазында «Аль – Фаттаһ» мешітінде Сайрам ауданының бас имамы, И. Панов «Келісім қайда келешек сонда», – атты тақырыбында уағыз – насихат айтты.
Шардара қаласы Б. Соқпақбаев, Шардара мектеп-лицейдің жоғарғы сынып оқушыларымен «Діни сауаттылық дүмшеліктен қорғайды», – атты кездесуге ҚМДБ – ның жанынан құрылған РАНТ мүшесі, ОҚО орталық мешітінің найб имамы Е. Қарақұлов, Кентау қаласының бас имамы Ғ. Айекеев, Шардара ауданы бойынша Жастар өкілі, «Әбу Мансур әл – Матуриди» мешітінің бас имамы Н. Шәдетхан қатысты. «Білмесеңдер білім иелерінен сұраңдар», – деп хадис – шәріпте айтқандай мектеп оқушылары кездесу барысында дін қызметкерлеріне өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Өңірімізде дәстүрлі исламды насихаттау, діни экстремизм мен терроризм идеялары таралуының алдын алу, жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған Республикалық ақпараттық – насихат тобының мүшесі Еркебұлан Қарақұлов өңірімізге келіп, жамағатпен кездесу ұйымдастырып, келелі уағыз – насихат жүргізуде. «Кімде кім бағынудан бас тартып, жамағаттан бөлініп кетсе әрі сол кеткен күйінде өлетін болса, онда ол надандық өліммен өлген болып есептеледі». Ал қоғамның тыныштығын бұзатын бүлік пен іріткі салушылыққа Алла Тағала қатаң түрде тыйым салады. Қасиетті Құранда бұл мәселе жайында мынадай аят келтірілген: «Бүлік шығару адам өлтіруден де ауыр күнә», – деп. Сондықтан Алланың бізге нәсіп еткен тыныштығын сақтап, бөліну мен алауыздықтан сақтанайық!», – деп жамағатты бірлікке шақырды. Наурыз айының он алтысы күні «Шардара» орталық мешітінде ақшам мен құфтан намазы аралығында жамағатқа «Ислам діні ынтымақ діні», – тақырыбында уағыз айтты. «Әбу Мансур әл-Матуриди» мешітінде қасиетті жұма намазында жиналған жамағатқа ҚМДБ – ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Келісім қайда келешек сонда», – атты тақырыбында уағыз – насихат айтып, жұма намазынан кейін жастарға «Білімді болудың артықшылығы», – тақырыбында уағыз айтты. ОҚО, Кентау қаласының бас имамы, ЖАНТ мүшесі Ғ. Айкеев, Шардара ауданы Жаушықұм ауылы «Жаушықұм» мешітінің Молдасы Б. Жүсіпұлы «Жаушықұм» мектеп – лицейінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Діни ағымдардың алдын алу», – тақырыбында кездесуге қатысып, қасиетті жұма намазында «Жаушықұм» мешітінде Кентау қаласының бас имамы Ғ. Айкеев «Келісім қайда келешек сонда», – атты тақырыбында уағыз – насихат айтты.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.