IMG 742

IMG 742

Кеше, Мақтарал аудандық орталық «Нұғман» мешітіне ҚМДБ жанынан құрылған РАНТ мүшесі Қанат Жұмағұл келді. Ауданымызда орналасқан мешіттердің имам- молдалары, яғни дін қызметкерлерімен жолыққан белгілі ұстаз Қанат Жұмағұл қазіргі таңдағы ең қауіпті деп аталып жатқан діни экстремизм және террорлық әрекеттер, олардың ұйымдастырушыларымен арқасынан ерушілер жайлы бірқатар мәліметтер айтты. ҚМДБ тапсырмасына орай жасалынып жатқан істер солардың қатарында жат, дәстүрлі емес діни ағымдармен күресу, жастардың оларға деген еліктеушілігін тоқтату, жалпы, халыққа түсіндірме жұмысын жасаумен қатар дін қызметкерлерінің өздері де сақтықта болу керектігін қаперлеріне салды. «Адам- өз ұстанымын жетік меңгермесе, ол адасушылыққа апарып соқтыруы әбден мүмкін»- деп сөзін жалғаған ұстаз Қанат Жұмағұл жамағат арасында шәкірт даярлау, ұйымдастырушылық қабілеттің маңызы да орасан зор екендігін атап өтті. Жиналыс соңында мешіт имамдары дін саласында бірнеше мәселелер боынша сұрақ қойып, нақты жауаптар алды.

Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 742

IMG 743

IMG 744

IMG 745

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38