Шымкен қаласы Қаратау ауданы Байғұт баба мешітінің жанынан ашылған @furqan_club оқырмандар клубының ұйымдастыруымен , осы мешіт ұстазы Омарова Гүлжан ұстаздың жетекшілігімен студент қыздар арасында «Рамазан аруы» байқауы өтті. 
Бұл байқауда “Таныстыру”, “Сән үлгісі” , “Қызды қырық үйден тыйю” тақырыбында үй тапсырмасы бейнебаян, қол өнер, Мариям сүресінің мағынасынан сұрақтарға жауап беру және білім саласы бойынша тест сұрақтары сайыстары өтті. 
Сән үлгісі сайысында арулар қазақша нақышта киім үлгісін көрсетті. Кейбірі өз қолымен тіккен киімін киіп келіп те көрермен жұртты таң қалдырды.
Қол өнер сайысы көрермендер мен әділ қазылар алқасын тіпті таң қалдырды. Қолдарынан бал тамған қыздар өздерін түрлі қырынан көрсетті. Атап айтар болсақ сурет салу өнері бойынша Пайғамбар мешітін қара қаламмен өте үздік дәрежеде суретін салса, бірі қолдан қазақша тақия тігіп таң қалдырды. Қолдан тоқылған жамылғы, ару қобдишасы және қол сөмке, қолдан тігілген той бастарға арналған қобдиша, қолдан тігілген заманауи киім, оюлы күміс моншақтардан шекеліктер мен майлық орауыш, шыбықтардан жасалған терасса макеті жасап өнерлерін дүйүм жұртқа паш етті. 
Соңғы сайыс қонаққа жайылар дастарханды кесілген жемістермен сәндеу бойынша өтті. 
Бұл сайыста Ақмешіт “Әжелер мектебі” мүшесі Гүлбаршын апа, Байғұт баба мешіті “Әжелер мектебі” мүшесі Гүлнар апа, “Әйел-қыздар” секторы жетекшісі Досданова Балжан ұстаз, Гауһар ана мешіті ұстазы Оспанова Жадыра ұстаз және Сайрам аудандық мешітінің ұстазы Сәуле ұстаз қазылық етті. 
Сайыс нәтижесінде 
1-орынды Қарабаева Диана
2-орынды Амангелді Гүлназым
3-орынды Батырханқызы Айжан йеленді.
Қалған арулар да жүлдесіз қалмады. 
Сүйкімді ару номинациясы бойынша Жүсіп Назбике,
бұрымды ару номинациясы бойынша Абдірәсіл Тұмаргүл, 
өнерлі ару  Баймахан Перизат, 
инабатты ару Абдусалимова Гулмира , 
білімді ару Жайсанбай Маржан ,
көрермен көзайымы аруы Әлжанова Аружан,
сәнді ару номинациясы бойынша Тортаева Мағзымгүл марапатталды. 
Сайыс соңы келген көрермендер мен сайыскерлерге “500 теңгеге ауыз аштыр” жобасы аясында ауызашар берілді. 
Осындай керемет іс-шараның өтуіне себебі тиген баршаға Алланың нұры жаусын!

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38