IMG 725

IMG 725

Бүгін, Шардара қаласы «Әбу Мансур әл – Матуриди» мешітінде ҚМДБ – ның ОҚО бойынша өкіл имамы Керімбек Ахметжан қажы Пірәліұлы қала, ауыл имам – молдалары және аудан тұрғындарының қатысуымен «Ашық есік» күні өтті. Сөз кезегінде өкіл имам Ахметжан қажы Керімбек тәуелсіздік – ұлы ұғым. Тәуелсіздік алғанымыз – баға жетпес ең басты байлығымыз. Бұл – ең алдымен өзара ауызбірлігіміздің, жалпы қазақстандықтардың ынтымағы мен татулығының оң нәтижелері. «Бақыт бағалай білгеннің ғана басында тұрады», – деген бабалар нақылы бекер айтылмаған. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы, діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады», – деп мемлекет дамуындағы діннің атқаратын рөлінің ерекше екендігін айтады. Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдары Қазақстанға түрлі діни ағымдардың көптеп келгені ақиқат. Дін атын жамылған діни ағымдардың жетегінде кеткен азаматтарға түсіндірме жұмысына білімді, білікті ұстаздардан ақпарат насихат тобы құрылып, олардың атқарған жұмыстары оң нәтижесін көрсетуде. Әрбір мұсылман мемлекетінде діни мәселелер бойынша пәтуа жасап, шешімдер шығаратын ғалымдар мен мүфтияттар бар. Бізде аталған құқықтық міндет ҚМДБ – на жүктелген. Сондықтан діннен туындап отырған мәселелерге біздің мүфтият жауап береді. Жаназа мәселесінде пәтуа қабылдағанын, және жақын күндерде көптеген таратылыммен халыққа жолданатынын тілге тиек етті. Қалалық қоғамдастықтың төрағасы Қыстау Ілесов ауданға арнайы ат басын бұрып келген өкіл имам Ахметжан қажы Пірәліұлына аудан тұрғындардың атынан алғысын білдірді. Бүгінгі таңда жоғарғы діни білім беретін Нүр – Мүбарак Египет ислам мәдениет университеті, арнаулы орта білім беретін «Шымкент», «Сарыағаш» медресе колледждерін бітіруші түлектер ауыл мешіттеріне имамдық қызметке жіберілсе және дін қызметкерінің әлеуметтік мәселесі шешіліп жатса, ол бар күш – жігерін дін насихатына салатынына кәміл сенемін деді. Шардара қаласы 2 – мөлтек ауданының ауыл биі Абылай Шайханов жастар тәрбиесіне тоқталып, қазіргі нарықтың заманда жастар тәрбиесімен айналысу барынша күшке айналды. Олай болатыны, ата – ананың бос уақытының болмауы, интернеттің шектен тыс қол жетімділігі жастардың өз бағдарын, тәрбиесін өзі алуына түрткі болып отыр. Дәстүрлі құндылықтар шеңберінде, баланың тәрбиесіне немқұрайлы қарамайтын отбасылар да жоқ емес. Дана халқымыз «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», – демей ме, балаға тек үлгі болу керек. Ата – ананың арасындағы сүйіспеншілік, сыйластық, адалдық, кешірім – осының барлығы баланың да бойынан табылады. Демек, сөзбен емес, іспен тәрбиелеуіміз керек деп қорытындылап, өкіл имамға аталық ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

IMG 722

IMG 724

IMG 725

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38