IMG 721

IMG 721

 

 

 

2017 жыл 15 наурыз күні ОҚО Сарыағаш аудан Келес өңірі «Ешан баба» мешітінде ОҚО өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек мырза Келес өңір халқымен жүздесу мақсатында «Ашық есік» атты кездесу өткізді. Кездесу барысында өкіл имам қазіргі таңдағы діни ахуал жайлы елдің тыныштығы, халықтың ауызбіршілігі жайында сөз қозғады. Кездесуге қатысқан көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарды. Сол сұрақтардың қатарында қазіргі таңдағы кереғар ағымдар оларға қойылып жатқан тосқауылдар, қаралы үйде ас беру, өз-өзіне қол жұмсағандарға жаназа оқу тағы басқа сұрақтар қойылып, сол сұрақтарға өкіл имам тұшымды жауап берді.

 

IMG 717

IMG 718

IMG 719

IMG 720

IMG 721

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38