Шымкент қаласы «Оңтүстік Қазақстан облыстық» орталық мешітінің мәжіліс залында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкілдігі тұңғыш рет діни ағымдардың алдын-алу шаралары бойынша «Имамдардың жат ағымға ілесіп кетпеуін қадағалау» атты семинары өткізілді
Семинарға қала, аудан, ауылдық мешіттердің бас имамдары және медресе ұстаздары мен жергілікті құзырлы мекеме өкілдері қатысты. Семинар барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек ашып, жүргізіп отырды.
Негізгі баяндамашылар (РАНТ) мүшесі Қанат Жұмағұлов «Имамдардың ел ынтымағындағы рөлі», облыс имам орынбасары Еркебұлан Қарақұлов «Деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсудің алдын алу жолдары» және ОҚО Діни мәселелерді зерттеу орталығының директоры Нұржан Тұрсынбай «Дін қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі» тақырыбы бойынша баяндама жасайды.
Жалпы, тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған семинардың негізгі мақсаты мешіт қызметкерлерінің түрлі кереғар ағымдардың жетегіне ілесіп кетпеуін қадағалау, жол бермеу және оқыту семинарларын жиі өткізу, т.б. мәселелер кеңінен көтерілді.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі