Шымкент қаласы «Оңтүстік Қазақстан облыстық» орталық мешітінің мәжіліс залында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен мешіт қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған «Ата Заң: рухани мәселелері» атты оқыту семинары өтті.
Аталмыш семинарды ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек ашып, жүргізіп отырды.
Семинарға М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің аға оқытушысы, т.ғ.к. құқықтану доценті Ғаббар Маймақовтың “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” – заңы – діни бірлестіктерді реттеудің жаңа сатысы” тақырыбы бойынша жасаған дәрісі тыңдалды.
Бұл семинарды өткізудегі мақсат Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасына сәйкес, мешіт имамдарының діни біліктілігімен қатар заңнамалық мәселелерді білуі назарға алынды. Осы бағыттағы семинар тұрақты өткізілетін болады.
Жалпы, семинар жоғары деңгейде өткендігі атап өту керек.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі