Бүгін, қасиетті Рамазан айының жиырма сегізінші күні Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің бастамасы аясында ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Әл-Фараби ауданына қарасты елді мекенінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, ұлағатты ұстаз Сахыбек қажы Әзімбайұлының әулеті «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасына қатысып, қолдау көрсетті.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрмтаұлы, Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов, қалалық Дін істер басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Тахирұлы, дінтанушы Қалиолла қажы Маджанов, шаһар бас имамы орынбасары Мұхамеджан Естеміров, Шымкент қаласы бойынша ісбасқарушы, дінтанушы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаевтар қатысты.
Жалпы, бүгінгі қайырымдылық шара барысында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 1060 отбасыға азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны» үлестірілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38