Қасиетті  Рамазан айы Ұадір түні  қарсаңында  Шымкент қаласы, Абай ауданы «Масжиду Рахман» мешітінде  «Рамазан – Құран айы» атты діни сауат ашу (ДСАК) курстары арасында Құран жарысы ұйымдастырылды.

          Шымкент қаласының бас имамы орынбасары Мұхамеджан Естеміров арнайы қатысыпы, шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының құттықтау сәлемін жеткізді.      Шымкент қаласы, Аба   й ауданы «Масжиду Рахман» мешітінің бас имамы Анарғали Керімбеков жарыстың тәртібі мен ережесін түсіндірді.  Жарысқа қалалық мешіттің найб имамы Омар қари Сәоімбеков, «Ықылыс» қарилар дайындау орталығының директоры Ықлас қари Майлан,  Абдулсалам қари Абдуғаффар төрелік етіп, жарысты жүргізді. 

          Құран жарысы үш наминатция бойынша өтті.   

          30-шы парадан бойынша:

І-орын Біләл Тоқаев

ІІ-орын Жақып Иманғали

ІІІ-орын Ернар Қамшыбек

    Жарты пара бойынша:

І-орын Әлішер Зікіржанов

ІІ-орын Давлетяр Ыдырыс-Сафа

ІІІ-орын Осман Саттарұлы

10 сүре бойынша:

І-орын Айқын Әлиханов

ІІ-орын  Мырзахмет Сұлтанахмет

ІІІ-орын Тахи Олжас

          Марапаттау шарасы барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының алғыс хаты мен заттай, қаржылай сый-сияпат табыс етілді. Жарысқа қаржылай қолдау көрсеткен азаматтарға Алла разы болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38