Бүгін қасиетті Қадір түнінде ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты мешіттерде «Сәресіде берекет бар» атты қайырымдылық шара негізінде жамағатқа тегін сәресі дастарханы ұйымдастырылып, таратылды.

Игі шара ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың ұсынысы, шаһар әкімі Мұрат Әйтеновтың қолдауымен орталық бас мешітке жиналған жалпы саны 3500 қала тұрғындары мен қонақтарына сәресі дастарханы жайылды.   

Жалпы, түндердің сұлтаны – қасиетті Қадір түнінде Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты барлық мешіттерде ұйымдастырылған сәресі дастарханына 36000 жамағат қатысты. Қаржылай қолдау білдірген жандарға Алла Тағала разы болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38