Шымкент қаласы, «Исамиддин баба» мешіті Қадір түнінде бірнеше іс- шараны арнайы бағдарлама бойынша өткізді. Мешітте 200-ге жуық адамға ауызашар берілді. Ауызашардан соң намазға дейін уағыздар айтылып ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти мен қаламыздың бас имамының сәлемі жамағатқа жеткізілді. Сондай-ақ жамағатпен сұрақ-жауап айдары жүргізіліп, жауап берген азаматтарға діни кітаптар мен тәспілер сыйға берілді. Сонымен қатар, мешіттегі 20 жасқа дейінгі шәкірттер арасында Құран жарыс өткізіліп, 1, 2, 3 орын алған шәкіртке қаржылай қомақты сыйақы және байқауға қатысушы барлық шәкірттерге қаржылай ынталандыру сыйлығы берілді. Соңында жамағатпен бірге Тасбих намазы оқылып, дұға жасалды. Таң сәріде 500-ден астам адамға сәресі берілді.

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38