Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент» медресе колледжінің жанында ашылған «Құран жаттау» қарилық курсын бітірушілер марапаттау шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров және «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай, медресе-колледждің ұстаздары мен ата-аналар қатысты.
Игі шара аясында «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай сөз алып, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының бастамасымен ашылған болатан.
Аталмыш орталықта оқып, қасиетті Құран Кәрімді толық жаттап қари атанған Әмина Мамадалиева және Муниса Нышанбаева қыздарымызға ынтандыру мақсатында ұмра қажылық жолдамасы табыс етілді. Оған демеушілік еткен белгілі кәсіпкер Уткир Лутфуллаев мырзаға Алла Тағала разы болсын!
ҚМДБ-ның «Шымкент» медресе-колледжінің баспасөз қызметі