Жалпы адал деп Алла тағала рұқсат еткен, зиянсыз заттарды айтамыз. Адал нәрсе жағымды, пайдалы және таза болады. Ал бұған кері түсінік – харам. Харам Ұлы жараттушының тыйым салған нәрселері. Харам нәрсе ідетте жиіркенішті, пайдасыз не зиянды болып келеді.
Бұл туралы құранда былай делінеді: «Олар сенен ненің адал екенін сұрайды. Оларға былай деп айт: Сендерге таза әрі денсаулыққа зиянсыз азық атауылының бәрі адал етілді » . (Майда сүресі, 4-аят. )
Ал пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадис шарифінде: «Адал дегеніміз – Алланың құранда адал еткендері, ал харам- Алланың құранда харам еткені. Алла тағала бірқатар нәрселерді харам етті, олардан аулақ болыңдар. Алла белгілеген шектен аспаңдар»-деген.
Адам баласының ішіп-жемінің адалдан болуы – Құран кәрімдег ашық айтылған бұйрық. Алла тағала Құранда кей аяттарда адамға адал һәм таза ризықтардан жеуді бұйырады : «Әй, адам баласы! Жер жүзінде болған халал, таза нәрседен жеңдер! Сондай-ақ, шайтанның сөзіне ермеңдер!Өйткені ол сендерге анық дұшпан».(Бақара сүресі 168-аят.) Яғни, ей адамдар ! Алланың сендер үшін халал еткен таза және ақыл мен денеге зияны тимейтін ризықтан жеңдер. Шайтанның сәндеп, әдемі көрсеткен күнәләрі мен жамандықтарын жасап, оның артынан еріп кетпеңдер деп ескертеді. Сондай ақ хадис шәріптерде де адал асты іздеудің парыз екен де айтылады. Алла елшісі (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадис шарифінде: «Адал асты іздеу-парыздың парызы» десе. Басқа бір риуаятта: «Адал асты іздеу-әрбір мұсылманға парыз» секілді хадистерде адал ас табу жолында жүрудің Алла жолындағы күреске тең келетінін білдірген.
Ибн Мәжадан жеткен тағы бір риуаятта былай делінеді: Алла елшісі «Ей, адамдар! Алладан қорұыңдар (тақуалық ұстаныңдар) және (ризқ) іздеуді дұрыс жасаңдар. Өйткені ешбір жан ризығын алудан кешіксе де, оған толығымен қол жеткізбейінш,дүниеден өтпейді. Олай болса, Алладан қорықып, ризықықтың адалынан алып, харамынан бас тартып, ризықты дұрыс іздеңдер» деді. Алла елшісінің дұғаларында да «Уа, Алла тағалам! Харамға қарамысым үшін халал нығметтеріңе менің көзімді, көңіліміді тойдыра көр» деп дұға жасаау арқылы да, халал нәрселермен қанағаттану керектінін үмметіне ұқтырған.
Ардақты пайғамбар Бұхариде келген бір хадисінде: «Сондай бір заман келеді, адамдар алған нәрсесінің халал не харам екендігіне мән бермейді» деп адамдардың астың адал, арамына мән бермпей өмір сүрулерін ақыр заманның бүлігі деп сипаттанған.
Адал асқа қатысты айтылған аят, хадистермен қоса, алғашқы кезеңдегі мұсылмандардың сөздерінен де, адамның жеген асының хала не харам болуы жеке тұлға мен қоғамның рухани келбетіне бірқатар әсерінің бар екенін айтуға болады. Салихалылардан былай делінеді: «Дененің және мінез-құлықтың өзгеруіне ең күшті әсер ететін нәрсе-тамақ» деген.
Адам баласының халал һәм таза тағам тұтыну мен ізгі іс жасаудың арасында нәзік байланыстың бар екенін Мүминін сүресінде былай деп баяндайды: «Уа, пайғамбар қауымы! Адал, таза һәм пайдалы ас-судан жеп-ішіңдер, әркез игі істер істеңдер. Мен еш шүбәсіз, сендердің не істеп, не қойып жүргендеріңді білемін» деді. Құран аятындағы пайғамбарларға айту арқылы, барша мұсылмандарға қарата халал һәм таза ризықтан жеуді және ізгі істерді жасауды бұйырып тұр.
Бұған қоса ардақты Пайғамбарымыз харам аспен қоректенген кісінің дұғасы қабыл болмайтындығын ескерткен. Ұзақ жолдан шаршаған, шашы ұйпа-тұйпа, үсті-басы шаң,топырақ қолын көке көтеріп: «Уа, Раббым, уа, Раббым» деген бір жолаушыны тілге тиек етіп, оның . жағдайын былай түсіндіреді: «Бұл жолаушының жегені харам, ішкен харам, кигені харам және хараммен қоректенген. Мұндай адамның дұғасы қалайша қабыл болсын» деді.
Тамақ жеп, ас ішу-адам баласының табиғи қажеттілігі. Алайда мұның өлшемімен талғамын білмек керек. Үлкен ғалым, медицинаның атасы Ибн Сина ас ішудің әдебі жайлы: «Ас ішкенде шақтап қана аз жегін, өйткені астың бойға даруы – оның қорытылуында. Адамның ағзасына ең ауыры – қорытылмаған ас үстіне ас ас ішу», – десе қасиетті Құранда «Ішіңдер, жеңдер. Бірақ ысрап етпеңдер! Алла ысырапшыларды жақсы көрмейді» деген. (Араф сүресі 31 аятта. ) Ысырып – дастарханда желінбей қалаған тамақ қана емес, шамадан тыс артық желінген ас екендігіне мән бермейді.
Қазыбек Сарыбаев Шымкент қаласы, Орталық мешітінің найб имамы