Өмір болғансоң әрбір адамның өзіне тән уайым-қайғысы, өзіндік қызық-қуанышы болады. Қандай жағдайда да қызық пен қуанышты, қайғыны өзгемен бөлісу адамға үлкен жеңілдіктер мен тың серпілістер береді. «Іштегі шерін айтса шығады» демекші, біреумен әңгімелесу арқылы үлкен жеңілдікке ие боласың. Ал барша әлемнің жаратушысы Аллаһпен тілдесудің, Оған жақындасудың құдыреттілігі мүлде жоғары. Негізінен Ұлы Жаратушыға жақындасу Оған құлшылық жасау арқылы орыналады. Сонда ғана өзіңнің рухани демеуге ие болғаныңды сезінесің. Көкірек көзіңнің, жансарайыңның бұрынғыданда ашыла түскенін байқайсың.

Ұлы Аллаһқа құлшылық жасаудың жолы көп. Ал негізгілері Оның көрсеткен жолдары. Иман келтіру, намаз оқу, оразаұстау, қажылықпарызынөтеу, зекетберупарыздарыосынегізгілердіңқатарынажатады. БізбүгінгімақаламыздаИсламныңнегізгіұстындарыныңбірі– намазмәселесінсөзетпекпіз.

Намаз- Исламның екінші рукіні (тірегі) болып, кәлимә-йшаһадаттан кейінгі ең ұлы парыз болып есептеледі. Намаздың Аллаһтың алдындағы ең ерекше құлшылықтың қатарына жатуыменбірге, адамзат баласының бір-біріне деген достық-ілтипатын, соныменқатар, деннің саулығына келтіретін пайдасының ұшан-теңіз екендігі көзіқарақты әрбір жанға белгілі.

Намаз – Аллаһ пен пенде арасындағы байлаушы. Намазда адам Аллаһпен оңаша жалғыз қалып, оған мінәжат етіп, құлшылық қылады. Адам өзінің мақсат-мүдделерін Аллаһқа құлшылық жасау арқылы жеткізіп, бойына рухани нәр алып, ерекше күшке ие болады. Намаз сондай-ақ, қателер мен күнәларды жуудың, жоюдың ең тиімді жолы.

Енді намаз оқыған адамға берілетін нығметтерге тоқталайық:

Біріншіден, намаз адамды дүние байлықтарынан Аллаһты жоғары дәріптеуге, ұлықтауға үйретеді. Адам жанына намаз дүнияуи байлық емес, рухани ләззат сыйлайды. Рухани бай адам мен дүнияуи бай адамның арасы жер мен көктей. Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыз өзінің хадистерінің бірінде Аллаһтан өзін қияметте кедейлердің қатарында алып, кедейлердің қатарында тірілтуін сұранған. Бұдан біз өзімізге басқаша емес, рухани бай болуға ұмтылуымыз керектігін ұғамыз. Рухани байлыққа жететін жетістік жоқ.

Екіншіден, намаз оқитын адам түрлі теріс қылықтар мен іс-әрекеттерден аулақ болады. Аллаһтан қорыққан адамнан ешқандай жамандық шықпаса керек. Жалпы мінез-құлықтың дұрыс болуына де намаздың көп пайдасы бар. Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.а.у): «Мен Расулуллаһқа (с.а.у) келіп: Я, Расулуллаһ (с.а.у)! Сізбен бірге кім мұсылман болып жатыр (яғни, Исалм дінін кімдер қабылданып жатыр)? », – дегенімде Ол (с.а.у): «Азаты да, құлы да», – деп жауап берді.

                        Ислам деген не?

                        жақсы сөз айту, мұқтаждарды тамақтандыру.

                        иман деген не?

                        сабырлылық пен қайырымдылық.

                        Исламдағы ең абзал қандай амал?

                        мұсылманның мұсылман бауырына қолымен және тілімен зиян тигізбеуі.

                        имандылықтың ең абзал амалы қандай?

                        жақсы мінез-құлық.

                        намаздың абзалы қандай?

                        ынтамен оқыған ұзақ намаз.

                        һижраттың (һижрат – күнәдан бас тарту немесе оны жасамау) абзалы қандай?

                        Раббың жеккөрген нәрседен һижрат етуің (Раббыңа жақындау ниетімен күнәдан бастартуың) (Имам Әл-Һәйсәми).

Үшіншіден, намаз адамға сергектік сыйлайды. Намазхан адам бойын билеген жалқаулықтан құтылып, жауапкершілік дегеннің не екендігін сезінетін болады.

Төртіншіден,намаз пендеге тәртіптілікті үйретеді. Күнделікті 5 уақыт намазын дер кезінде оқу арқылы намазхан дағдылылыққа, тәртіптілікке бой түзейді. Мұндай ізгіліктер адамды толып жатқан ізеттілікке, әдептілікке, кісіні ғайбаттаудан, жамандаудан қайтарып, жалпы жақсылық жасауға шақырады. Осы жайында Құран Кәрімнің Хужрат сүресінің 10-11 аяттарында: «Шын мәнінде мүміндер туыс қой. Сондықтан екі туыстардың арасын жарастырыдар! Ей, мүміндер! Бір ел екінші елді әжуә етпесін, бәлкім олар бұлардан жақсы шығар. Сондай-ақ әйелдер де әйелдерді кемсітпесін, мүмкін олар бұлардан артық болар. Бір-біріңді мінемеңдер, жаман ат тақпаңдар. Иманға келгеннен кейін жаман атты болу қандай ауыр? Кім тәубе қылмаса, солар залымдар», – деп айтқан.

Бесіншіден, намазхан адам кішіпейілділік, сабырлықпен адамгершілік сияқтыкөптегенсипаттарғаие болады. «Сабырлылық– иманныңжартысы» делінген Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.) хадисінде. Сондай-ақ, намаз оқумен бірге пайғамбарымызата-аны құрметтеудіміндеттейді. Бұлжайында Абдулла ибн Масьуд риуаят еткенхадисте: «Мен Пайғамбарымыздан (с.а.у): «Я, Аллаһтың Елшісі (с.а.у)! Жұмаққа ең жақын ететін қандай амал?», – деп сұрағанымда Ол (с.а.у): «Уақтылы оқылған намаз»,- деп жауап берді.

                        ал, одан кейін қандай амал?

                        ата-анаға жақсылық ету.

                        ал одан кейін?

                        дін жолында соғысу»– деп жауап береді. Жалпы, бұл хадистен асыл дінімізде өз отанымызды көздің қарашғындай сақтау әрбір азаматтың борышы екендігі білінеді.

Алтыншыдан, намаз жұртшылықты береке-бірлікке, бауырмалдыққа, ынтымаққа шақырады. Мешіттерде намазды жамағатпен көпшілік болып оқу абзал. Жамағат арасында қоғамдық бірлік пен байланыс орнап, бұл адамдарды біртұтастыққа жетелейді. Жамағатпен оқылған намаз пенделердің арасында теңдікті көрсетеді. Намаз адамның қандай да бір дәрежесіне қарамастан, бір сапта тұрып, ғибадаттарды орындайды. Бұл сәт мұсылмандардың мақсаттары мен мүдделерінің бір екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, намазды жамағат болып оқу арқылы мұсылмандар бір-бірімен танысып, білісіп, достасып, тақуалықтарының нығаюына себеп болады.

Жетіншіден, намаз – пәктік рәмізі. Намазханның ең әуелі жүрегі пәк болады. Одан басқа да денесі, үсті-басы, киімі, тұратын жері, сөзі мен ісі таза болып, жан-жақты тазалық кемелдігіне жетеді.

Намаз кісінің рухани һәм материалдық саулығы үшін өте қажетті шарттылық. Намаз оқу жөнінде Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай деп бұйырады: «Намазды толық орындаңдар, әлбетте намаз мүміндерге белгіленген уақыттарда парыз етілді» (Ниса сүресі, 103 аят). Бұдан бөлек, «Намазды толық орында. Әлбетте намаз бұзықтықтан және жамандықтан тосады» (Анкабут сүресі, 45 аят).

Намаз жайында Әнес (р.а) – дан риуаят етілген хадисте: «Миғраж түнінде хазреті пайғамбарымызға елу уақыт намаз парыз етілген, кейін азайтып беске түсірілді. Сол кезде Аллаһ тағала былай деді: «Ей, Мұхаммед! Менің сөзім өзгермес, бес уақыт намазда сен үшін елу уақыт намаздың сауабы бар» (Термизи, Салат 45).

Осы хадистен мынадай бірқатар басты мәселелерді ұғынуға болады:

1. Намаздың Аллаһ тарапынан парыз етілгендігі;

2. Намаздың Исра кешінде парыз етілгенді;

3. Намаздың әуелі елу уақыт парыз болғандығы, кейіннен Жаратушының кеңшілігімен бес уақытқа дейін қысқартылғандығы, бірақ намазханның елу уақыт намаз оқығанның сауабын алатындығы;

4. Исламның жеңілдік діні екендігі.

Әбу Қаттада (р.а) – дан риуаят етілген мына бір хадисте былай айтылады:

«Пайғамбарымызға (с.а.у): Аллаһ тағала: «Мен сенің үмметіңе бес уақыт намаз парыз еттім. Мен өзіме өзім, кім намазды қорғап өз уақытында оқыса, әлбетте, ол құлымды жәннатқа кіргіземін деп уәде бердім. Кім намазды орындамаса менің құзырымда олара жәннат уәде етілмейді деді».

Жалпы, намаз балиғат жасына жеткен, ақылы толысқан әрбір мұсылманға парыз. Бірақ бала жеті жасқа келгеннен кейін намаз оқытып үйреткен дұрыс. Ал он жасқа келгенде намаз оқымаса, жай-жай ұрып оқытуға болады. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с.а.у) былай дейді: «Балаларға жеті жасқа келгенде намаз оқытыңдар, он жасқа келгенде (намаз оқымаса жай) ұрыңдар» (Әбу Дуіт, Салат 26).

Намаз ақылды, балиғат жасына жеткен әрбір мұсылманға, оның ішінде хайыз бен нифастан тазаланған әйелдерге парыз болып саналады. Шариғат үкімі бойынша намаздың парыз екендігін мойындамай теріске санаушы діннен шығарылған болып есептеледі. Бұл жөнінде көптеген аяттар мен хадистер келтірілген. Намазды себепсіз тастаған адам үлкен күнәһар болып табылады. Бұл жайында Құран кәрімде былай деп көрсеткен: «Олар жәннатта тұрып күнәһарлардан: (сұрайды): «Сақар жаһаннамға түсулеріңе нендей себеп болды? »- деп сұрайды. Сонда олар: «Біз намаз оқымайтын едік» – деп жауап қатады» (Муддасир 74.40.43).

Хазреті пайғамбарымыз (с.а.у): «Әдейі намазды тастаған адамға Аллаһ пен пайғамбардың (с.а.у) көмегі болмайды» (Бұхари, мауақит 15.34) деген. Тағы да «Кімде кім жұма намазына немқұрайлылықпен қарап, оны үш рет тәрк етсе, Аллаһ тағала оның жүрегіне мөр басады» (насай, жұма, 2 Термизи жұма 7) делінген.

Біздер ұстанатын Имам Ағзам мазхабы бойынша жалқаулық жасап, намазды тастаған адам, егер намаз парыз емес деп айтпағанша діннен шығарылмайды. Бірақ күнәһар болып саналады. Оған намаз жайлы ескертулер жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн. Кез келген адамға «сен кәпірсің» деп айтудан аулақ болу керек. Өйткені дінімізде әлгіндей сөздерді айтудан қайтарған. Асыл дінімізде намазды ұмытып кешіктірсе немесе қатты ұйықтап қалса, яки болмаса жалқаулықпен дер кезінде оқымаса, сол оқылмаған намаздардың қазасын міндетті түрде өтеу керек. Ал жалпы, намаз өз уақытында оқылады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Құлшылықтың ең абзалы – өз уақытында оқылған намаз» деген. Ал жаңағы айтқан қаза қылушыларға хадисте: «Кімде кім ұйықтап қалып, немесе ұмытып намазын оқи алмаса еске түскен сәтте дереу оқысын» (Әбу Дәуіт, Салат) делінген.

Намаз – өте маңызды мәселе. Пайғамбарымыз (с.а.у) «Қиямет күні адамның алғаш есепке тартылатыны – парыз намазы. Егер осы намазды толық орындаса, неткен тамаша?! Керісінше жағдайда: «қараңдар, нәпіл намаздары бар ма екен? Егер нәпіл намаздары бар болса, парыздарының кемістігін осы намаздармен толықтырады. Бұдан кейінгі басқа парыздар да дәл осылай жалғасады» (Әбу Дәуіт, Үмтр, 2) деген.

Пайғамбарымыздың (с.а.у) намаз оқуға деген ынтықтығы аса ерекше болған. Ол шақырылған азаннан, оқылатын намаздан үлкен жан рақатына бөленген. Сол үшін де әрбір намаздың уақыты болған кезде хазреті Биләлге (р.а) қарап: «Биләл, азан айтып біздің жанымызды рахатқа бөле!», – дейтін (Әбу Дәуіт, Әдәб 87). Және де «Намаз – көзімнің қарашығы» деп өсиет қалдырған. Пайғамбарымыздың үмбеттері, яғни, өзін мұсылман санаушы әрбір азаматқа Аллаһ тағала бес уақыт намаз оқуды нәсіп етсін деп тілейміз.

 

АхметжанқажыКерімбеков,

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38