Сарыағаш ауданы, Әйел-қыздар секторының ұйымдастырумен ҚР-ның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 – қаңтарда қабылданған жарлығымен Қазақстанда «Алғыс айту» күні бекітілді. 1- Наурыз «Алғыс айту» күніне орай, Әйел-қыздар секторының ұстазы З.Нарметованың ұйымдастыруымен Достық ауылының тұрғыны ақ жаулықты әжеміз Н.Байхошованы Алғыс күнімен құттықтап, 1-сатылы сертификат табысталды.Әжеміз көзінің зағиптығынан 2-топтағы мүгедек болсада, ручкалы Құран Кәрімнен Ясин,Рахман, Мүлік,Аятул курси, және қысқа сүрелерді жаттаған. Несіпкүл әжемізге алғысымыз шексіз, осындай иманды әжелеріміз көбейсін.
Сарыағаш аудандық мешітінің баспасөз қызметі