Шымкент қаласындағы Шымкент медресе-колледжінің ұйымдастырумын «Менің таңдауым – Ханафи мазһабы» атты семинары өтті.
Аталмыш семинарға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары Е.Қарақұлов, Шымкент медресе-колледжінің директоры Т.Әсембай, облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» бөлім басшысы Д.Оспанов және өзгеде оқутышылар мен студенттер қатысты.
Семинардың күн тәртібіндегі мәселе бойынша Т.Әсембай мырза семинардың маңыздылығын ескертіп, бір мазһаб ұстану Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ең негізгі ұстанымы екенін түсіндірді. Осыдан кейін, әйгілі Әл-Азхар универсиетінің түлегі, бүгінгде облыс имам орынбасары Е.Қарақұлов өзінің уағызында Ханафи мазһабының тарихы мен шежіресіне тоқталып, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) заманында мазһабтың алғышарты қалыптасқанын жеткізді.
Осыдан кейін, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» бөлім басшысы Д.Оспанов мазһабсыздық – теріс ағымдарға бейімдікке итермелейтінін айта келе, арнайы дайындалған видеороликтерін көрсетті.
Мұнымен қатар, колледж оқытушысы Д.Туленов теріс ағымдардың пайда болуы мен зардаптарын жасөспірімдерге түсіндіріп, мұсылман әлемінің басым бөлігі ұстанатын Ханафи мазһабының ұлт дәстүрімен біте қайнасқанын жеткізді.
Жалпы, семинарда студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді. Ұйымдастыру жоғары деңгейде өтті.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38