Абай ауданы Қождан ата-Жиеней мешіті әйел-қыздар бөлімінің ұйымдастырумен «Қош келдің, қасиетті Рамазан!» атты рухани кеш өтті. Бұл рухани кеште қонақтарға берекелі дастархан жайылып, шәкірттердің шағбан айында оқылған хатым Құранның дұғасы жасалды. Бекет Гүлсара, Досжанова Балжан ұстаздар Рамазанның қадір-қасиеті жайлы уағыз-насихат айтты. Шәкірттер тарапынан дайындалған роликтер көрсетілді.
Игі шара соңында барлық қыз-келіншектер Рамазан айымен бір-бірін құттықтап өзара сыйлықтар сыйлады. Мешіт атынан (демеушілер тарапынан) келген қонақтарға сыйлықтар үлестірілді. Жалпы бұл игі іс-шараға 80-ге жуық әйел-қыздар қатысты.

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38