Рамазан айының алғашқы күні
“Темірші ата” мешітінде Құптан намазы азанынан кейін Жамағатқа уағыз айтылып, Бас Муфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айымен құттықтау хаты оқылды. Және Шымқаламыздың Бас Имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының құттықтауы оқылды.
Бас Муфтидің алғыс хатымен ақсақалдар марапатталды.
Сұраққа жауап берген Жас шәкірттерге “Рамазан тәттісі“ берілді.
Тарауих намазында Хатымға шыққан 12 жасар Қайроллаұлы Абдулазизге сый берілді.
Тарауих намазы жақсы өтіп, жамағат ризашылығын білдірді.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі