Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қасиетті Рамазан айына байланысты Үндеуімен таныстық.
Үндеу Шымқала тұрғындарын әсіресе Ынтымағы жарасқан “ Ынтымақ “ мөлтек ауданында орналасқан “ Темірші ата” мешіті жамағатының жүрегіндегі ұмтылыстармен бағыттас болып, бірін-бірі қолдап жатыр.
Бас мүфтидің Еліміздегі барша кәсіпкерлерді Рамазан айының құрметіне он пайыздық жеңілдік жасатуға шақыруының ішінде терең сыр бар.
Себебі, бұл ай жомарт жандардың тұрмысы төмен отбасыларға қамқор болатын ай.
Ұмыт қалған “ Жарапазан “ дәстүрін дәріптеу яғни, “ Рамазан “ айының келуімен сүйіншілейтін бұл жырдың да астарында терең мән бар.
Өйткені, адамдар бір біріне күліпсіреп жақсы сөйлеулері тағысын тағы.
Ынтымақ жұртшылығы Үндеуді толық қолдайды.
Жақында Шымқала Имамы Бақдаулет Нұрматұлының бастамасымен көтерілген “ Шымкент ішімдіктен ада қала” атты бастамасы қатты ұнады. Қала Имамдары әрбір дүкендерге кіріп, насихаттағанынан да хабардармын .
Жалпы біздер ақсақал қауымы мұндай жақсы қайырымды, сауабы мол істерге тек риза екенімізді айтқым келеді. Иманды жастардың бойында болашаққа деген сенімді ұлғайтады.
Имам – бүгінде жетекшіміз, рухани ақсақалымыз. Бүгінгі қазақтың шаңырағындағы имамның орыны – төр. Имамды өзіміздің мұсылмандық өміріміздегі биік орынынан көру – елдік.
Бас мүфти мемлекетіміздің іргесінің беріктігі, ұлтымыздың санасының тазалығы жолындағы еңбектеріне Алла қуат берсін.
Елімізді түрлі ағым өкілдерінен сақтап, жастарымыз Ханафи мәзхабы бойынша тәрбие білім алуды, дәстүрімізге берік болуды нәсіп еткей.
Қасиетті Рамазан айы мүбарак болғай, ағайын!
Шымкент қаласы, Абай ауданы.
“ Темірші ата “ мешітінің ақсақалдар алқасының мүшесі
Сыдықұлы Өмірзақ ақсақал.