ҚМДБ-ның Шымкент қаласы Қаратау ауданы, Мәртебе ауылы, «Мәртебе» мешітінің  имамы мен жамағатының  мұрындық болуымен  «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні»  игі шарасына орай Қазақ күресінен турнир ұйымдастырылды.

Айтулы жарыстың талабы бойынша  жас шамасы 18-45 жас аралығы, ал салмақ өлшемі  70  және 130 салмақ деңгейіндегі балуандар қатысты.

Салтанатты шара қасиетті Құран оқумен басталды. Төреші қызметіне арнайы мамандар қызмет көрсетті.  Салтанатты ашылу шарасында  Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының атынан Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов құттықтау лебіздерін жеткізіп,  балуандарға сәттілік тіледі.

Жарыс нәтижесі бойынша мына балуандар жүлделі орындарға ие болды.   

          І-орын Бекқұлы Әлфараби (200 000 тг)

         ІІ- орын Құрал Мадияр (100 000 тг)

         ІІІ- орын Бегасилов Нұрзат (50 000 тг)

Айта кетсек,  Қаратау ауданының бас имамы Дастан Желеуов   шараға қолдау көрсетіп, спорт залынын ұсынған азаматтар мен демеушілік жасаған кәсіпкерлерге алғыс айтып, ризалығын білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38