Шымкент қаласы бойынша өкілдігі Еңбекші ауданы «Тәжібай ата» мешітінде сауат ашу курсында діни білім алып жатқан шәкірттерге «Қош келдің – Рамазан» атты ашық сабақ болды. Ашық сабақта оразаның үкімдері толық түсіндірілді. Рамазан айының шарапаты жайында айтылды. Рамазанда жиі қойылатын сұрақтарға жауап беріліп, Рамазан айын қалай тиімді өткізу жайлы жоспар құру үйретілді. Алла шәкірттерімізге пайдалы ілім, отбасыларына береке нәсіп етсін! Рамазан айын құлшылықпен, сауапты амалдармен өткізуді нәсіп етсін!

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38