ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бас имам орынбасары әрі қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның бақылаушы өкілі Қазыбек Сарыбаев «Шымкент» медресе-колледжінің І-ІІ курс студенттеріне «Адал ас – денсаулық кепілі» атты діни танымдық семинарына қатысып, дәріс оқыды.
Семинар барысында қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның бақылаушы өкілі Қазыбек Сарыбаев шәкірттерге ҚМДБ-ның халал бағытындағы жұмыстары жан-жақты ақпарат беріп, кеңінен түсіндірілді.
Соның ішінде қасапшылық кәсібі пен мал сою талап-ережелерін түсіндіріп берді. Сондай-ақ, жоспар бойынша шәкірттерге іс-тәжіриби түрінде қалада орналасқан мал сою орталығына барып, мал сою үлгісін тікелей үйрету көзделуде.
Басқосу барысында дінтанушы-ұстаз Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай танымды тұрғыда өткен дәріске алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ-ның «Шымкент» медресе-колледжінің баспасөз қызметі