Бүгін ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай, Шымкент орталық мешіті жанындағы имамдардың діни білімін арттыру һәм қайта даярлауға арғалған «Азан және Қирағат» рухани орталығының кезекті курсы тәмамдады.
Кезекті курсын бітірген имамдарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, найб имам Мұхамеджан Естеміровтар арнайы қатысып, діни білім мен біліктілікті көтеру заман талабы екендігін айтып, қатысушыларға сертификат табыс етті.
Курс бағдарламасы екі аптаға арналған. Онда Құран, Ақида, Фиқһ және Азан және Қирағат пәндері бойынша жүргізілуде.
Дәрісті Шымкент орталық мешітінің ұстазы, әйгілі Әл-Азһар университеті мен «Хасеки» Ислам орталығының түлегі Нұрсұлтан қари Мемедалиев, Омар қари Сәлімбеков, Дәулет Түленовтар дәріс берді.
Айта кетсек, Шымкент қаласына бойынша 89 мешіттің 260-тан астам қызметкерлер аталмыш қысқа мерзімді курсқа қатысып, тағылымдамадан өтетін болады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі