Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент» медресе колледжінде «Ақида һәм Ихсан ілімі» атты рухани танымдық семинары ұйымдастырылды.

Рухани сеинарға ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі. Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов арнайы қатысып,  шәкірттерге дәріс оқыды.

Аталмыш семинарға «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай, медресе-колледждің ұлағатты ұстаздары Анарқұл Сырманов, Бейбіт Битебаев, Руслан Абдурахман, Нұрсұлтан Басымбеков және медресе шәкірттені қатысты.

Ақида ілімі мен рухани тәлім-тәрбие бағытындағы ұйымдастырылған шарадан шәкіттер өздеріне мол ақпарат алды.

Аталмыш оқу орынның директоры Талғат Әсембай бұл бағытта Шымкент қаласының бас имам Бақдаулет қажы Нұрматұлымен бірлесқан шаралар жүзеге асатындығын айрықша атап өтті.

ҚМДБ-ның «Шымкент» медресе-колледжінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38