ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша зекет қоры өкілдігі және Шымкент қаласы бойынша қажылық бөлімінің жетекшісі, дінтанушы Азамат Әбдікерімұлының ұйымдастыруларымен. Қасиетті үш айдың бірі ережеп айының құрметіне қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Қайырымдылық барысында жағдайы төмен он кісіге қыстық киімдер алып берілді. Сондайы-ақ бес кісіге жағдайларына байланысты үйлеріне жеткізіліп берілді. Қайырымдылыққа ат салысқан барша азаматтарға мол әжір сауаптардан болсын!
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі