Шымкент қаласы, «Ұзған ата» мешіті, әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен
«КӨЗІМНІҢ НҰРЫ АНАМ» – атты рухани ғибратты шара өтті. Шараға мешіттің Ұстаздары мен дсак шәкірттері қатысты.
Ана – ардақты есім. Дүниеде Ұлы Жаратушыны қоспағанда ананың мейірімнен асатын мейірім жоқ деуге болады. Сондықтан ананың орны әрқашан бір бөлек. Ана – дүниедегі ең ардақты жан. Ол – әлемдегі барша ізгілік пен мейірімнің, парасат пен тағылымның көрсеткіші. Ұлы Алла Тағала қасиетті Құранда: «Адамдарға ата-анасына жақсылық жасап, қарайласуды бұйырдық. Анасы қиыншылық үстіне қиыншылық көріп, оған жүкті болды. Екі жылда омыраудан айыруы (емшектен шығару) бар», – дейді («Лұқман» сүресі, 14-аят).