Шымкент орталық мешітінде  ҚМДБ-ның «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» атты бастамасы аясында «Діни оңалту: негізгі проблемалар мен тенденциялар» атты рухани танымдық семинары ұйымдастырылды.

Айтулы рухани танымдық семинарды Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды. Игі шара қасиетті Құран оқумен басталды. Арнайы ұйымдастырылған шараға Нұр-Сұлтан қаласы  «Н.Назарбаев»  орталығы діни  ахуалды  талдау және мониторинг департаментінің директоры, соц.ғ.к., ҚХА ҒСК мүшесі Талғат Жақиянов арнайы қатысып,  «Қазақстандағы діни ахуал: негізгі проблемалар мен тенденциялар» тақырыбы бойынша имамдарға дәріс оқыды.

Айта кетсек, басқосуға Шымкент қаласы дін істер басқармасы «Діни мәселелерді зерттеу» орталығының дінтанушы мамандар мен  Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық мешіт имамдары қатысты. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат табыс етілді.   

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38